«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналының №4/2014 нөмірі жарыққа шықты

2014 жылдың 29 желтоқсаны күні «Жаңғырту жағдайындағы мемлекет және экономика» тақырыбындағы «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналының №4/2014 нөмірі жарыққа шықты.

Нөмірде экономика және бюджеттеу, энергетикалық және аграрлық секторларды жаңғырту, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жетілдіру, адам капиталын дамытудың өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, ғалымдар мен практиктердің мақалалары жарияланған.

Нөмірдің мазмұнымен «Журнал нөмірлерінің мұрағаты» бөлімінде танысуға болады.