Журнал туралы ереже жаңа редакцияда бекітілді

 2014 жылғы 8 шілде

 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 369 бұйрығымен «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» халықаралық ғылыми-талдау журналы туралы Ереже жаңа редакцияда бекітілді.

 

 

Құжат ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау мақсатында Комитет ұсынған басылымдар тізбесіне енгізуге арналған ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес қайта әзірленді (ҚР БҒМ БҒСБК-нің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 949 бұйрығы).

 

Сонымен қатар АҚШ, Батыс және Шығыс Еуропа елдерінде, Ресей, Австралия, Қытай, ОАР-да басылып шығатын импакт-факторы бар жоғары рейтингті шетелдік журналдардың тәжірибесі Ереженің жаңа редакциясының негізіне алынды.

 

Атап айтқанда, мақалаларды дайындау мен ресімдеуге қойылатын талаптар принципті түрде жаңартылып, келіп түсетін материалдарды рецензиялау рәсімі жетілдірілді, журнал нөмірлерін қалыптастыру процесі және т.б. жан-жақты баяндалды.

 

Ережемен мына сілтеме бойынша танысуға болады: ______________________________

 

{указать гиперссылку}.