Академия журналы Thomson Reuters агенттігінің ESCI сілтеме жасау индексіне енгізілді

IMG 4955Академияның «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» халықаралық ғылыми-талдау журналы («Public Administration and Civil Service») Thomson Reuters агенттігінің (Emerging Sources Citation Index, ESCI) пайда болған дереккөздеріне сілтеме жасау жаңа индексіне енгізілді.

 

Индекс 2015 жылдың қарашасында Thomson Reuters компаниясының назарын аудартқан ғылыми дерекөздердегі сапалы рецензияланған жарияланымдарды жинақтау үшін құрылды.

 

Толығырақ...

«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналының №4/2014 нөмірі жарыққа шықты

2014 жылдың 29 желтоқсаны күні «Жаңғырту жағдайындағы мемлекет және экономика» тақырыбындағы «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналының №4/2014 нөмірі жарыққа шықты.

Нөмірде экономика және бюджеттеу, энергетикалық және аграрлық секторларды жаңғырту, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жетілдіру, адам капиталын дамытудың өзекті мәселелері бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, ғалымдар мен практиктердің мақалалары жарияланған.

Толығырақ...

«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналының №2/2014 нөмірі жарыққа шықты

 2014 жылғы 30 маусым

 «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналының «Ұлттық дипломатиялық кадрларды сапалы даярлау – жүйелі сыртқы саясатты жүргізу кепілі» тақырыбындағы №2/2014 нөмірі жарыққа шықты.  

 

Толығырақ...

2015 жылға «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналына мақалалар қабылдау

Құрметті авторлар!

Қазіргі уақытта  «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналында жариялау үшін мақалаларды қабылдау жүріп жатыр.  

Толығырақ...

Журнал туралы ереже жаңа редакцияда бекітілді

 2014 жылғы 8 шілде

 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 369 бұйрығымен «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» халықаралық ғылыми-талдау журналы туралы Ереже жаңа редакцияда бекітілді.

 

Толығырақ...