Журнал туралы

«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» халықаралық ғылыми-талдау журналы(бұдан әрі – Журнал) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК (бұдан әрі – Академия) меншігіндегі мерзімді ғылыми басылым болып табылады.  

Журнал мемлекеттік тіркеуден өткен:

есепке қою туралы 2017 жылғы 24 наурыздағы № 16411-Ж  куәлікті Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі берген; журналды алғашқы есепке қою күні мен нөмірі: 2002 жылғы 25 сәуір, № 2848-Ж; «Қазпошта» АҚ каталогы бойынша жазылу индексі 74 207; Қазақстан Республикасы, Еуроодақ, АҚШ және ТМД елдері аумағына таратылады; журналдың электрондық нұсқалары «ҰҒТАО» АҚ электрондық кітапханасына орналастырылған. Журнал тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Журналдың шығу мерзімділігі – тоқсан сайын бір рет, яғни жылына 4 (төрт) рет.

Журнал тақырыбы мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:

– «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет»;

– «Мемлекеттік саясат»;

– «Экономикалық реформалар»;

– «Сот төрелігі және құқықтық реформа»;

– «Халықаралық қатынастар»;

– «Әлеуметтік саясат»;

– «Персоналды басқару және кадр саясаты»;

Мемлекеттік қызметші имиджі»;

– «Шетелдік тәжірибені зерделеу»;

– «Өңірлік тәжірибе»;

– «Жас ғалымдар зерттеулері»;

– «Инновациялық серпінді жобалар».

Журнал тақырыптары Академияның Даму тұжырымдамасы, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыру жөніндегі Академия жоспары және журналдың Редакциялық алқасының оларды іске асырудағы стратегиялық көрінісі негізінде үнемі толықтырылып және өзгертіліп отырады.

«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» халықаралық ғылыми-талдау журналысаяси ғылымдар бойынша диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар Тізбесіне енгізілген(ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 1033 бұйрығы).

ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ