Авторларға

МАҚАЛАЛАРДЫ ҚАРАУ, БЕКІТУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ ТӘРТІБІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

1. Журналда жариялауға бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған тек түпнұсқалық мақалалар ғана жатады. 

2. Әрбір мақала осы Ережеде белгіленген тәртіпте рецензиялаудан өтеді. 

3. Мақалалар Академияның интернет-ресурсында орналастырылған және Журналдың әрбір нөмірінде жарияланатын талаптарға/ұсынымдарға сәйкес келген жағдайда қарауда қабылданады. 

4. Осы Ережеде баяндалған талаптарға сәйкес келмеген қолжазбалар тіркелмейді және одан әрі қарауға жіберілмейді, бұл туралы авторларға хабарланады. 

Мақалаларды жариялаудан дәлелді түрде бас тарту үшін мыналар негіз болады: 

– ұсынылған материалдың Журнал тақырыбына сәйкес келмеуі; 

– материалды жариялауға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі; 

– ұсынылған материалға жағымсыз рецензияның болуы; 

плагиат фактілерінің немесе заңсыз алып пайдаланудың басқа түрлерінің анықталуы; 

– материал авторының қолданыстағы авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманы сақтамауы;

рецензенттердің ескертулеріне сәйкес мәтінді қайта өңдеуден бас тарту және т.б.

Сонымен қатар Журналда мыналар жарияланбайды:

бұрын басқа басылымдарда жарияланған авторлық материалдар;

бұрын жарияланған нәтижелермен салыстырғанда жаңа ақпараттары жоқ немесе түзетуге келмейтін нақты, тарихи не өзге де қателері бар мақалалар, сондай-ақ белгілі ғылыми фактілерге тікелей қарама-қайшы келетін тұжырымдар мен болжамдарды қамтитын мақалалар;

кез келген мазмұндағы, оның ішінде ғылыми тақырыптағы әдеби-көркем және публицистикалық туындылар;

жеке және заңды тұлғаларға қатысты кемсіту, жала немесе көрінеу жалған мәліметті қамтитын мақалалар.

МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5. Ерекше авторлық зерттеу нәтижелері бар ғылыми стильде баяндалған, Журналдың ғылыми, тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және мәтінде сол тақырып бойынша қазіргі отандық және шетелдік зерттеулер келтірілген мақалалар қарауға қабылданады. 

6. Редакцияға келіп түскен ғылыми жұмыстар мен шолулар басқа басылымдарда жарияланбауы немесе жариялауға арналмауы тиіс. 

7. Мақала мынадай өлшемдерге сай болуы тиіс:

1) жұмыстың өзектілігі және журналдың негізгі ғылыми бағыттарына сәйкестігі (маңыздылығы, мақалада баяндалған идеялардың, әдістердің, технологиялардың қолданылуы);

2) ғылыми жаңалығы (идеялардың түпнұсқалығы, зерттеудің қойылған міндеттерінің шешімін табуы);

3) құрылымдылығы (логикалық, жүйелілігі, баяндаудың байланыстығы);

4) зерттеудің негізгі нәтижелерінің маңыздылығы (нәтижелердің баяндалуы, теориялық және практикалық маңыздылығы, тұжырымдар, ғылыми-практикалық мәні;

5) қолжазбаның әдеби деңгейі (коммуникативтік құндылығы, ғылыми стильге, тілдік және стилистикалық нормаларға сәйкестігі);

6) ресімделу сапасы: редакцияның талаптарына сәйкестігі, терминологиялық лексиканың, тірек сөздердің пайдаланылуы, үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) аңдатпаның, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы;  

7) Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша заңнаманың сақталуы. 

8.  Мақалада мыналар көрсетілуі тиіс:

– мәселелердің жалпылама түрде қойылуы және оның маңызды ғылыми немесе практикалық міндеттермен байланысы;

– сол мәселенің шешімі басталған және автор сүйенетін соңғы зерттеулер мен жарияланымдарды талдау, мақалада берілген жалпы мәселенің бұрын шешілмеген бөлігін бөліп көрсету;

– мақаланың мақсатын қалыптастыру (міндеттер қойылуы);

– қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді толық дәлелдей отырып, негізгі зерттеу материалдарын баяндау;

– сол зерттеуден берілген тұжырымдар және сол бағыт бойынша алдағы зерттеулердің келешегі.  

9. Мақаланы жазу барысында әлемдік тәжірибеде қабылданған құрылымды ұстанған жөн:

– атауы; 

аңдатпа;

тірек сөздер;

JEL-код;

алғысөз;

материалдар мен әдістер;

нәтижелер (жіктеме);

талқылау және тұжырымдар;

қаржыландыру көзіне сілтеме (болған жағдайда);

библиография.

Мақаланың қосымшалары болмауы тиіс (ерекше жағдайларда мақаланың негізгі мәтініне ұқсас өлшемдермен берілген, 1 беттен аспайтын қосымшаларға рұқсат етіледі).

Әр беттің төменгі жағындағы және мақала соңындағы сілтемелер мен ескертулерді барынша аз пайдалану немесе пайдаланбау ұсынылады.

10.  Мақаланың атауы қысқа, бірақ ақпаратты  болуы тиіс, онда қысқартулар қолданылмайды. Мақаланың атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беру керек.

11. Мақаланың қолжазбасында ӘОТ индексінің болуы міндетті, ол мақала атауының сол жағына орналастырылады.

12. Мақаланың атауы (үш тілде: жартылай қара қаріппен, кегль 16 тармақ) авторлар туралы деректерден бір бос жол арқылы бөлініп көрсетіледі.

13. Аңдатпа (80–100 сөз) және 5–7 тірек сөздер мен фразалар және  3–4 JEL-код мақала атауынан кейін, мақала жазылған тілден бастап, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келтіріледі. Аңдатпаның құрылымы мақала құрылымына ұқсас етіп жазылады (мәселені қысқаша негіздеу, материалдар мен әдістер, нәтижелер және талқылау). 

14. Көлемі кемінде 8 беттен немесе кемінде 28 000 баспа белгісінен (аралықтар мен сілтемелерді қоса алғанда) тұратын мақаланың мәтіні қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде электронды нұсқада (құжаттар doc, docx немесе rtf форматтарында қабылданады) мынадай өлшемдерді сақтай отырып ұсынылады: 

– Arial қарпі, негізгі мәтіннің қаріп мөлшері – 11 пт, суреттер, диаграммалар – 10 пт, жоларалық арақашықтығы – бір жол;

сол жақ жиегі – 2 см, оң жағы – 2 см, жоғарғы және төменгі жиегі – 3,5 см; 

мәтін парақтың бір жақ бетіне ғана басылады, беттері рет-ретімен нөмірленеді (нөмір беттің оң жақ төменгі бұрышында көрсетіледі);

кестелік сілтемелер кестеден кейін орналасады, сілтемелер (жұлдызшалар) мәтінде тиісті беттің төменгі жағына қойылады;

қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған мақаладағы әдебиетке сілтемелер автор сүйенетін әдеби көздің библиографиялық тізімі бойынша нөмірін және нормативтік актінің бетін не бабын (мысалы: [1, 15 б.]) көрсете отырып, мақала мәтіні бойынша тік жақшада рәсімделеді;

– ағылшын тілінде жазылған мақаладағы әдебиетке сілтемелер Гарвард cтиліне (Harvard style) сәйкес ресімделеді;

әдебиеттерге сілтемелерді беттің төменгі жағында сілтеме түрінде беруге рұқсат етілмейді. 

15. Мақаланың библиографиялық тізімі болы керек. Тізімдегі әрбір дереккөзге мәтінде сілтеме жасалуы міндетті. Библиографиялық тізімнің болмауы мақаланы тіркеуден бас тартуға негіз болуы мүмкін. 

Библиографиялық тізім мақаланың соңында беріледі, мақала беттерінің жалпы санына кіреді және дереккөздерді ескерту реті бойынша ресімделеді. Тізімнің көлемі мақала көлемінен 1/10–1/8 аспауы тиіс. 

Қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған мақалаларда әдебиеттер тізімінің стандартты түрдегі «Әдебиеттер тізімі» / «Список литературы» тақырыпшасы болуы тиіс және 7.1:2006 МЕМСТ-ға (оның ішінде егер тізімге ағылшын тіліндегі дереккөздер енгізілсе) сәйкес ресімделеді. Ағылшын тіліндегі мақалаға «References» тақырыпшасы қоса беріледі және Гарвард cтиліне (Harvard style) сәйкес ресімделеді.

16. Иллюстрация сапасы 300 dpi төмен болмауы тиіс. Барлық суреттер, диаграммалар, кестелер және өзге де иллюстративтік материалдар мәтіндік файлдың ішіне орналастырылады. Диаграмманың координаттары мен сегменттерінің ортасындағы жазбалар және иллюстрацияның өзге де мәтіндік элементтері тек Arial қарпін пайдалану арқылы ресімделеді. Басқа қаріптерді пайдаланған жағдайда иллюстрация жарияланбайды.   

17. Журналға жіберілетін мақаланың мазмұны, барлық сандық деректер мен материалдар авторлардың мұқият тексеруінен өтуі тиіс.

18. Мәтін тиісті тілдің (қазақ, орыс немесе ағылшын) стилистикалық, орфографиялық және синтаксистік нормаларына сай болуы керек. Мәтіннің сапасының төмен болуы мақаланы жариялаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.

19. Автор (авторлар) туралы мәліметтер жеке файлда орналастырылады, файлдың үлгілік атауы – «author_xxxxxxxx», онда xxxxxxxx – автор (тең авторлардың біріншісі) тегінің алғашқы сегіз әрпі латынша транслитерациясымен. 

Аталған талаптарды бұзу кодтау процесіне қиындық келтіреді және рецензиялауды кідіртеді. Осыған байланысты, авторлар туралы мәліметтер негізгі мәтіннен бөлініп көрсетілмеген мақалалар тіркеу кезеңінде қайтарылуы (қайта өңдеуге жіберілуі) мүмкін. 

Авторлардың жеке деректерін мақала атауының алдында келесідей кезектілік бойынша үтір арқылы орналастыру керек:  аты мен әкесінің атының бас әріптері, тегі, ғылыми/академиялық дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орны (ұйымның толық аударылған, ресми қабылданған атауы, ведомствосын көрсете отырып), сонымен қатар шетелдік авторлар үшін мемлекет атауы көрсетіледі.  

Авторлар туралы мәліметтер үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) және курсивпен беріледі, аты-жөні жартылай қара қаріппен бөлініп көрсетіледі. Мақаланың тең авторларының әрқайсысы туралы мәліметтер блогы бір-бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылады.

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес авторлар туралы мәліметтері қоса берілмеген мақалалар, сондай-ақ авторлар туралы мәліметі негізгі мәтінмен бірге көрсетілген (бұл «жасырын» рецензиялау жүргізуге қиындық келтіреді) мақалалар қарауға қабылданбайды. 

20. Ұсынылған материалдың жоғарыда аталған формальды талаптарға сәйкес келмеуі тіркеу кезеңінде одан бас тарту үшін себеп болуы мүмкін. 

21. Мақаланы жариялау туралы шешімді редакциялық алқа қабылдайды. Мақаланың мәтініне, авторлармен келіспей, редакциялық түзетулер  немесе қысқартулар енгізілуі мүмкін.

 

 

Мақалаларды рәсімдеу үлгісін көшіру

 

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:   

Доценко Екатерина Алексеевна, 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 

Маркетинг және коммуникациялар Орталығы басшысының орынбасары,

8 7172 75-33-32,  

+7 777 815 55 53, 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Пошталық мекенжайы:

010000, Астана қ., 

Абай даңғ., 33а, 103-каб.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясының 

Маркетинг және коммуникациялар Орталығы